Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алтынемел орта мектебінде 2023 жылдың 28 ақпан күні
«Жас ғалым» байқауы өтеді.
Байқаудың жалпы ережерелер:
1.Қатысушылар : 5-10 сыныптан жеке немесе 2-3 адамнан тұратын топ.
2. Байқауды өткізудің негізгі мақсаты мен міндеттері :
- Мектеп оқушылары арасында техникалық модельдеуді насихаттау;
- оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау;
- балалардың адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық түрлерін жетілдіру;
3. Байқауға қатысатын жобалар мен зерттемелер келесі бағыттарда қабылданады:
1. Электронды құрылғылар (Микророботтар, роботтардың конструкторы,ұшқышсыз ұшатын аппараттар, т.б.)
2. Тұрмыстық техникалық құрылғылар
4. Байқауға ұсынылған техникалық құрылғы моделінің келесідей жазбаша мазмұны болуы керек:
- өзектілігі;
- ғылыми жаңашылдығы;
- іс-тәжірибелік құндылығы;
- мүмкіншілігі мен ерекшелігі.
5. Байқау жұмыстарын бағалау критериилері:
- бірегейлігі және шығармашылық тұрғыдан келуі(5 ұпай);
- конструкцияның техникалық күрделілігі(5 ұпай);
- қозғалмалығы мен қызметі(5 ұпай);
- сипаттамасының сапасы – нақтылығы (5 ұпай);
- жұмысты эстетикалық безендірілуі(5 ұпай);
- презентацияның деңгейі (5 ұпай).