Алтынемел орта мектебі тарихы » "ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "АЛТЫНЕМЕЛ ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728-42) 97-8-20
Оқу бөлімі:
+7(728-42) 97-8-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Алтынемел орта мектебі тарихы

Алтынемел ауылында 1930- шы жылдардың басында орыс бастауыш мектебі ашылды,  өйткені ақ патшаның саясатымен   Алтынемел ауылына орыс халқы қоныстандырылып , жергілікті қазақтар ашаршылықтан азайып кетті. Кейін бұл мектеп орталау одан соң 60-шы жылдары орта мектеп болып қайта құрылды.

   Осы мектеп бітірушілердің біразы әскери оқу орындарына түсті , соның бірі Скрепкин , кейіннен генерал-майор шеніне жетті.

   Турксиб салу барысында да орыс , украин ұлттары   Сарыөзек маңына , сонын ішінде Алтынемел , Ақбастау (бұрынғы Урицкое ) ауылдарына шоғырланды. Урицкое бастауыш мектебінен Алтынемел орта мектебіне оқушылар 5-шы сыныптан бастап жаяу қатынап оқып жүрді. Оқу орыс тілінде 1989 жылға дейін жалғастырылды.

   Соғыстан кейінгі жылдары Зверев, Толқышев Базарбек деген кісілер мектепті басқарды.

Оқуға деген ыңталары мықты оқушылар Новосибирск , Мәскеу , Ленинград қалаларының жоғарғы оқу орындарына түсіп жатты . Әр түрлі салаларда маман ретінде танылды.

   Мектепті 60-шы жылдары соғыс ардагері Евдаков Яков Иванович басқарды. 1980 жылы ҚазССР оқу-ағарту ісінің үздігі атағын алды .

   1968-1975 жылдары Голышев Виктор Венниаминович мектеп директоры қызметін атқарды. Одан кейін де ұзақ жылдар бойы терең білім беретін география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.  

   Біздің мектепте 60-шы жылдары Курганскиий Тимофей Михайлович математика пәнінен дәріс берген.Кейін ол кісі Гвардия аудандық атқару комитеті, одан соң Талдықорған облыстық атқару комитетінің председателі қызметін атқарды.

     Мектепті 1975-77 ж.ж. Бабашев Кемербай Бабашұлы басқарды .

1982 жылы ҚазССР оқу-ағарту ісінің үздігі төс белгісімен марапатталған .

Ал , 1980-1993 ж.ж. аралығында Хайболаев Евгений Исаевич директор қызметін атқарып, мектеп ұжымының ұйытқысы бола білді, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерінбей еңбек етті , сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің үздігі атағына 1992 жылы ие болды.

   Мектебімізде 1958-1995 жылға дейін , яғни бір мекемеде 37 жыл , Рафикова Мирбану Таировна , математика пәнінің мұғалімі , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерді атқарып, ел құрметіне бөленді. Еңбегі бағаланып, грамоталар , мерекелік медальдар мен Қаз ССР оқу-ағарту ісінің төсбелгісінің иегері атанды .

   Сондай-ақ , 1978 жылы физика пәнінің мұғалімі Кастрова Ирина Яковлевна «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған .

     Алтынемел орта мектебінің түлектерінің ішінен   Оңғарбаев Тұрашты мақтанышпен атап айтуға болады. Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, прфессор , Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің оқытушысы болып ұзақ жылдар еңбек етіп келеді.

     1981 жылдың түлегі Мәскеу мемлекеттік университетінде әлеуметтік - экономика мамандығы бойынша оқып, Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде   құқықтану, саясат және әлеуметтану мамандығының аспирантурасын тамамдады. Алған білімі бойынша мемлекеттік қызметтер атқаруда .

     Мектебімізді үздік бітіріп мақтанышымызға айналған шәкірттеріміз өте көп. 1982 жылы мектепті Бабашева Катипа ,Лагунцова Елена ,Хабирова Раисалар «Алтын медалмен » бітірсе, 1983 жылы Аманбаева Сауле , Бабашева Жанар , Машанло Эльмира бітірді. 1989 жылы Кенжеханова Жазира , Репетина Валентина , ал 1995 жылы Утеев Ермек «Алтын медаль» иегерлері атанды.

    1988 жылы Мырзалинов Серік, 1990 жылы Абдрахманова Мира , 1991 жылы Сексембаева Алия , ал1992 жылы Какенов Алтай мен Унгатов Азамат   Күміс медальмен марапатталды .

       1996 жылы математика пәнінің мұғалімі  Утеев Болат Аубакирович, бастауыш сынып мұғалімі Смаилова Сауле Кеңесбайқыз

"Оқу  ісінің үздігі " төс белгілерімен марапатталды. 

      

     2002 жылы Канаева Мадина Үздік аттестатқа ие болды.

         2009 жылы Ақтау қаласында өткен оқушылардың Республикалық пәндер олимпиадасында география пәні бойынша 11 сынып оқушысы Аубакирова Гаухар жүлделі   2 –ші   орынға ие болып , 2-ші дәрежелі диплом және Күміс медальмен марапатталды.


       2008-2016 жылдары директор қызметін математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Торгын Тулепбергеновна атқарды.  ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

       2016-2019 жылдары орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Айнур Аязбековна директорлық қызметті атқарды. 

      2019 жылдан бастап мектеп директоры лауазымын Кистаубаев Асет Бакытович атқаруда. 

Похожие публикации:

24 февраль 2020 Мектеп асханасы
03 февраль 2020 Мектеп асханасы
17 октябрь 2019 ашық бюджет
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив